
Қазақстанның мәдениет және спорт саласындағы "Тикетон" сыйлығына халықтық дауыс беру басталды. Қазақстандықтар бесінші рет 2021 жылғы жарқын адамдар мен оқиғаларды таңдайды.
Биылғы жылы сыйлық кино, театр, спорт, концерттер, балалар іс-шаралары, бизнес және қоғам санаттарында 29 номинацияда ұсынылды.
Дауыс беру 1 наурызға дейін award.ticketon.kz сайтында өтеді.
Күніне бір рет әр адам "ВКонтакте", Facebook немесе "Одноклассники" әлеуметтік желілері арқылы авторизация жасай отырып, өз дауысын бір (немесе бірнеше) номинацияда қалдыра алады. "Тикетон" компаниясы өзінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында аралық қорытындылар мен күнделікті сыйлықтардың иегері атанғандардың есімдерін жариялайтын болады. Дауыс берудің ең белсенді қатысушысы бас жүлде – смартфонға ие болады.
Сыйлықтың мақсаты – көпшіліктің назарынан тыс қалатын өнер мен спорт салаларына қоғамның назарын аудару, мәдениет деңгейін көтеру және талантты адамдар мен жобаларға назар аудару үшін кеңістік құру.
"Тикетон" – нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан киноға, мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн-сатудың Қазақстандағы ең ірі жүйесі.