
Қарағанды облысының оқушыларын "Ұлттық рәміздер – менің ұлттық мақтанышым" байқауына қатысуға шақырады. Ол үшін бейнеролик не болмаса өзіңіз шығарған әдеби шығарма жолдау қажет.
Байқау ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орайластырылған. Шараны ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ.
Байқауға 5–8 сынып оқушылары жеке және ұжымдық түрде қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 15 ақпанда басталып, 15 наурызға дейін бір айға созылады. Шығармашылық жұмыстарды әлеуметтік желілердегі өз парақшасында #Қоғамдықкелісім09 хештегімен жариялау қажет. Содан кейін материалдарды басылымға сілтеме жасай отырып, зат тақырыбында белгілеп (БАЙҚАУ) kelisimank@gmail.com электрондық поштаға жіберіңіз.
Үздік жұмыстарды Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерінен құралған қазылар алқасы таңдайды. Байқау қорытындысы 20 наурызға дейін шығарылады.
Конкурс ережесімен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады kelisim.kz.