
Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында "Болашақ таланттар" форум бағдарламасы аясында балаларға арналған "Мұражаймен танысыңыз!" шарасы ұйымдастырылды. Оған 30 бала қатысты.

– "Болашақ таланттар" форумы бірнеше шығармашылық бағыттар бойынша өтеді, яғни вокалмен айналысатындар концерттік бірлестікке барады және т. б. Бізге көркем студияларда оқитын балалар келді. Бізде балалар көрмелермен танысты.

Сондай-ақ, олар үшін суретші Виктор Арент картиналарды рельефтерге айналдыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Бұл dara.kz қорымен бірлесе жүзеге асырылған көру қабілеті нашар және көзі көрмейтін адамдарға арналған контентті бейімдеу үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бағытталған "Барлығына арналған өнер" жобасы аясындағы жұмыс еді. Қатысушыларға шеберлік сабақтан өткені туралы сертификаттар берілді, – деді мұражай басшысы Бибігүл Құдабаева.

Мұражайда балалар "Скетч Академия" көркемсурет студиясының "Скетч АРТ" және "Дизайн және білім беру: теория және тәжірибе" көрмелерімен танысты, онда ҚарУ түлектерінің жұмыстары ұсынылған.

Сондай-ақ балалар үшін "Қиялыңды оят!", "Өнер сезіледі" интерактив ұйымдастырылды.

Жас суретшілер ішкі мұражай жұмысымен танысып, кескіндеме және мүсін қоймасында болды.

– Мен Шахтинскіден келдім. Өмірімде алғаш рет мұражайға келіп отырмын. Суреттер өте әдемі. Мен жақында өнер студиясына түсіп, оқи бастадым. Болашақта менің суреттерім осында ұсынылғанын қалаймын, – дейді 12 жастағы Полина Смолякова.

Балалар жылына арналған "Болашақ таланттар" форумы 10 ақпанда басталды. Бұл күні Кеншілер мәдениет сарайында және Музкомедия театрында заманауи және классикалық би бойынша екі шеберлік сабақтары өтті.