
Кеншілер мәдениет сарайы жас қарағандылықтарды Балалар жылына арналған "Туған елге мың алғыс" патриоттық ән байқауына қатысуға шақырады. Екі жас тобының өкілдері ән жанрында бәсекелесе алады – 9–12 және 13–17 жастағы жасөспірімдер.
Бірінші кезеңде Отан және ел туралы бір патриоттық ән орындау қажет. Екіншісінде – еркін тақырыпта ән орындау.
Талаптар:
- репертуардың конкурс шарттарына сәйкестігі;
- музыкалық сүйемелдеу сапасы (аранжировка);
- музыкалық аспаптың немесе минусовка сүйемелдеуімен ән орындау;
- сахналық мәдениет, әртістік.
Вокалдық деректер, орындаушылық шеберлік, вокалдық техника (интонациялау және орындау стилі, тазалық), сахналық бейне бағаланатын болады.
Әр номинацияда Гран-при және I, II, III орын иегерлері анықталады. Жеңімпаздар тиісті деңгейдегі дипломдармен, ал қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 25 ақпанға дейін қабылданады. Өтінімді нысанға сәйкес (№ 1 қосымша) толтырып, dkg_11@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек. Сондай-ақ, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.
Байқау 1 наурыз 11:00-де өтеді.
Толық ақпаратты 41-27-26, 8-708-294-15-36, 8-707-121-83-99 телефондары арқылы білуге болады.