
"Болашақ" қауымдастығы бас серіктесі Alawwal Partners компаниясымен бірлесіп, Startup Bolashaq республикалық бизнес-жобалар байқауының бесінші маусымына қатысуға өтінімдер жинауды аяқтайды. Өтініш берудің соңғы күні – 28 ақпан.
Startup Bolashaq – қазақстандық бизнес-идеялардың алғашқы жобасы. Оның басты мақсаты – кәсіпкерлердің жарқын және маңызды идеяларын қолдау және оларға бастапқы капитал алуға мүмкіндік беру.
Жоба төмендегідей кезеңдерден өтеді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларды реалити-шоу форматындағы аттас бағдарламада түсірілім, өз бизнесін дамыту бойынша тренингтен өту, сондай-ақ табысты бизнесмендердің тәлімгерлігі күтуде.

Инвестицияның жалпы сомасы 10 бизнес-періштеден 100 миллион теңгеден басталады. Олар өз қаражатын, сондай-ақ білімі мен уақытын инвестициялауға дайын табысты кәсіпкерлер мен меценаттар. Олардың әрқайсысы әлеуетті жобаларды дамыту үшін 10 миллион теңгеден бастап қаржы бөледі.
Мерейтойлық маусымның бірегейлігі – гранттар мен жеңімпаздар болмайды. Байқау қорытындысы бойынша 10 финалист іріктеледі. Олардың барлығы бизнес-періштелердің алдында өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік алады.
Конкурсқа өтінімді startup-bolashak.kz сайтында беру қажет.
Қосымша ақпаратты Instagram @startup.bolashaq парақшасында және келесі e-mail бойынша алуға болады: startup5@bolashak.kz, телефон: +7-701-302-16-75.