
Қарағанды облысының білім басқармасы ата-аналар қауымын білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтерді алу және ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың бос уақытын қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Онлайн-конференция 18 ақпанда 16:00-де ZOOM платформасында өтеді. Іс-шараға білім басқармасының өкілдерінен басқа денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары қатысады. Ата-аналар тақырып бойынша ақпарат алып, сұрақтарын қоя алады.
Конференцияға келесі сілтеме бойынша қосылуға болады: https://us02web.zoom.us/j/3087723350?pwd=K2VNTHFwQy9LaWlGUDN4a25TdmJhdz09.
Конференция идентификаторы: 308 772 3350.
Конференцияның құпия сөзі: 123456.