
Өткен жылы профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінде Қарағанды облысының туа біткен, жүре пайда болған патологиялары, жарақаттары мен қабынулары бар пациенттеріне 1 076 ота жасалды. Оның 630-ы шұғыл түрде жасалған оталар. 270 хирургиялық операция балаларға, соның ішінде жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жарықтары ("қоян ерні" және "қасқыр аузы") сияқты патологиялары бар балаларға жүргізілді.
Бөлімшеге жылына осындай диагнозы бар 5–7 пациент түседі. Әдетте, балаларға 5–7 операция жасалады, олардың біріншісін, жоғарғы ерінді қалыпқа келтіру үшін 2–3 айдан бастап жасалады. Ал таңдай жарығын тігу - 2,5–3 жастан бастап.
– Операцияны жасау мерзімі баланың салмақ жинауына, өсуіне және дамуына байланысты. Содан кейін түзету операциялары жасалады, олар 14–18 жасқа дейін жасалуы тиіс. Бірақ мұндай диагноздары бар науқастар алғашқы операцияға ересек жаста келген кездер де бар. Бізде 35 және 50 жастағы науқастар болды, – деді жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Владимир Дырда.
Мысалы, Балқаштың 30 жастағы тұрғыны туа біткен патологияны түзету үшін жеті жақ-бет операциясынан өтті. Ер адамның жоғарғы ерні және жұмсақ таңдайы толығымен жырылған еді.
– Бұл функционалды ақау болды – таңдайдың жарылуына байланысты тамақ мұрыннан шығуы мүмкін. Ақау жойылды. Барлық операциялар, олардың алдында өтетін тексерістерді емделуші МӘМС аясында, яғни тегін өтті, – деп атап өтті хирург.
Қарағандылық тағы бір науқас МӘМС есебінен ринофиманы – май бездерінің созылмалы қабынуы нәтижесінде пайда болған терідегі түзілуді жою бойынша операция жасатты. Тері жасушалары өскендігі соншалықты, олар ауа жолдарын жауып тастаған. 2,5 сағат ішінде ер адамның ісіктерін алып тастап, мұрынның зақымдалған бөлігіне иықтан тері алып көшірілді. Операция жалпы анестезиямен жүргізілді. Ринофиманы алып тастағаннан кейін науқас еркін дем алып, сыртқы ыңғайсыздықтан құтылды.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша