
Өткен тәулікте Қарағанды облысында COVID-19 124 жаңа жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты.

Бұл карантиндік шараларды жеңілдетуді көздейді. Бірақ тиісті қаулы «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысқаннан кейін жеті күн өтпейінше шығарылмайды.
16 ақпандағы жағдай бойынша бар жоғы облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 150 536 жағдайы тіркелген.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 10564,9-ды құрады. Оның ішінде симптомдары бар науқастар – 83,4%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 16,6%.
Қарағанды облысының СЭБД ақпараты бойынша