
Қарағанды облысының аумағында 16 ақпанда барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады облыстың ТЖД.

Өңірде ауа райы тұрақсыз болып қалуда. Құтқарушылар қарағандылықтарды сақ болуға, ауа райының өзгеруін бақылап отыруға шақырады. Мүмкіндігінше, әсіресе түнгі уақытта және ауа-райы нашарлаған кезде алыс сапарлар мен жаяу серуеннен аулақ болу керек.
Жолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты білуге, оқыс оқиғалар туралы төмендегі телефон арқылы хабарлауға болады: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.