
«Дала ана» – Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, график-суретші Виктор Поликарповтың жеке көрмесі өтуде. Экспозиция ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына орайластырылған.

Виктор Поликарпов жұмысының негізгі бағыты – станоктық графика және кескіндеме.

1971 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемсурет академиясының академигі атағына ие. Қазіргі уақытта Қазақстан Суретшілер одағының Павлодар бөлімшесін басқарады.

Теміртау мұражайынды автордың 16 жұмысы қойылған. Бұл ХХ ғасырдың басында туған және Қазақстанда өмір сүрген Павел Васильевтің поэзиясына арналған офорт сериясы. Көрменің атауы оның ең танымал өлеңдерінің бірінің тақырыбымен үндеседі.

Картиналар 1987 жылдан бастап әртүрлі уақыт кезеңінде жасалды. Бірнеше ондаған жылдар бойы Виктор Поликарпов үнемі жаңа тақырыптарда жұмыс істейді.

«Дала ана» көрмесін Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұсынды. Ол 1 наурызға дейін жалғасады.