
17 ақпан күні сағат 18:30-да Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің «Туған ел» атты концерті өтеді. Музыкалық кеш бағдарламасында қазақстандық композиторлардың шығармалары мен халық әндері шырқалады.
Қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрбол Темірғалиев, Гүлмира Тапай, Айгүл Аужанова, Рысты Рахымжан, Медет Осатаев, Медат Қонақбаев, Төлеген Сармутдинов, сондай-ақ республикалық байқаулардың лауреаты Ришат Шабденов және «Арай» триосы өнер көрсетеді.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефоны: 41-13-14 және 41-22-30.