Ұлытаулық 12 жас боксшы Нұр-Сұлтанда өткен турнирде жүлделі орындарға ие болды

Ұлытаулық 12 жас боксшы Нұр-Сұлтанда өткен турнирде жүлделі орындарға ие болды

Нұр-Сұлтанда 2008–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан өңірлік турнир өтті. Ұлытау аудандық мектебінен жарысқа 12 спортшы қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды.

– Басында біз бұл жарыстарға тек екі спортшыны ғана жібереміз деп ойладық. Бірақ жаттығуда барлық 12 бала өз дайындығын дәлелдеді. Содан кейін мен барлығын осы турнирге апаруға бел будым. Менің барлық оқушыларым жүлделі орындарға ие болды. Бұл менің ғана емес, бүкіл ауданымыздың жеңісі, – деді жаттықтырушы Темірлан Қоңырбай.

Өз салмақ дәрежесінде Елжас Боранбай (24 кг), Нұрсұлтан Сералы (28 кг), Арсен Қасымханұлы (32 кг), Әсет Сайлау (34 кг), Ералы Қуаныш (44 кг) және Мағжан Қадыр (42 кг) бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Аллаберген Бахрам (22 кг), Ерсұлтан Боранбай (34 кг) және Жанарыс Бейсалы (36 кг) иеленді. Құрмет тұғырының үшінші сатысына Нұрзат Мақсұт (24 келі), Нұрым Бақытжан (28 келі) және Ералы Бекіш (48 келі) көтерілді.

Турнирге барлығы 180 боксшы қатысты.