
2 наурызда Қарағандыда Кенжеғали Сағадиев атындағы Алматы Халықаралық бизнес университетінен (UIB) ішкі гранттар ұтысына олимпиада басталады. UWay аймақтық олимпиадасына Қазақстанның кез келген өңірінен 11 және 12 сынып түлектері қатыса алады.
Жалғыз ғана шарт – қатысушы олимпиада өткізілетін қалалардың бірінде болу керек.
Қарағандыдан басқа, 2 наурызда байқау Қостанай, Тараз және Атырауда өтеді.
Олимпиада екі кезеңнен және финалдан тұрады. Бірінші турда қатысушылар мектептегі білім беру пәндері бойынша (логика, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы) тест тапсырмаларын орындайды. Жартылай финал бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 4-наурызда өтеді. Ол білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ашық тапсырмалардан тұратын болады.
Әр қаланың финалистері кепілдік берілген гранттың иегерлері болады. Үш жеңімпаз анықталады. Бірінші орын алған қатысушы 4 оқу жылына, екінші – 2 жылға, үшінші – бір жылға грант алады.

UWay олимпиадасына Instagram-парақшасының @uib_team профилінің басында (сондай-ақ стористегі сілтеме бойынша) немесе uib.edu.kz ресми сайтында "гранттар" бөлімінде (UWay олимпиадасы) 21 ақпанға дейін тіркелуге болады.
Анықтама телефоны: +7-747-777-91-07.