Өткен тәулікте Қарағанды көшелері мен жолдарынан 9 мың текше метр қар шығарылды

Өткен тәулікте Қарағанды көшелері мен жолдарынан 9 мың текше метр қар шығарылды

Қарағандыда қар тазалауға 236 арнайы техника мен 174 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Өткен тәулікте қала көшелері мен жолдарынан 9 мың текше метрге жуық ақ ұлпа шығарылды.

Қарағандыда бірнеше күн бойы қар жауып, қатты жел соғуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бірінші кезекте олар қоғамдық көлік жүретін магистральдық автомобиль жолдарын тазалайды. Сонымен қатар, олардың міндеттеріне жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау, қар үйінділерін жою кіреді. Сондай-ақ, олар жол мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себеді, қарды тазартып, жол бетіне қатқан мұзды алып тастайды.

Қала тұрғындары жолдар мен тротуарларды тазарту және қар тазалау мәселелері бойынша келесі нөмірлерге жүгіне алады:

Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев – 8-775-321-88-82;

Қазыбек би атындағы аудан әкімі Нұрлан Рыстин – 8-701-806-75-35;

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Қожанов – 8-702-592-34-07;

Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Мейрам Кожухов – 8-701-614-78-22;

Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары Сәтпек Әбдіхалықов – 8-701-325-66-66.