Қарағандылық гимнаст Әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық гимнаст Әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық Данил Мұсабаев батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде үшінші болды. Халықаралық біріншілік 12–13 ақпанда Бакуде (Әзірбайжан) өтті.

Жарысқа 14 елден 63 спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының жаңа ережелері бойынша өтті.

Қарағанды гимнастика мектебінің түлегі, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Данил Мұсабаев жеке секіруден қола медальға ие болды. Ол 58,890 ұпай жинады.

Батуттық гимнастикаға Данил Мұсабаев төрт жасында келді. Оның қоржынында халықаралық жарыстардың көптеген марапаттары бар. Спортшы жаттықтырушы Сергей Вертянкиннің басшылығымен айналысады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша