Жаңаарқа тұрғыны аудан әкімінің грантына массаж кабинетін ашты

Жаңаарқа тұрғыны аудан әкімінің грантына массаж кабинетін ашты

Жас кәсіпкер Альбина Омарова Жаңаарқада массаж кабинетін ашты. Ол аудан тұрғындарына остеохондроз, сколиоз және артық салмақпен күресуге көмектеседі.

Альбина 21 жаста. Білімі бойынша акушер. Қарағандыдағы медициналық колледжін бітірген. Аудан әкімінің грантына арналған байқау туралы білген бетте бойжеткен бизнес-жоспар құрып, өтінім берген.

– Мен емдік массаж бойынша кәсіби курстардан өттім. Менде оқу және медициналық білім туралы сертификат бар. Бұл біздің салада маңызды, өйткені біз остеохондроздағы ауырсынуды жеңілдетуге, омыртқаның қисықтығын түзетуге және адамдарға салмақты азайтуға көмектесеміз. Бұл үлкен жауапкершілік, – дейді Альбина. – Мен 500 мың теңгеге грант алдым, оған кабинетке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Кабинетке шағын жөндеу жасадым. Менің қызметтерім үлкен сұранысқа ие. Күніне 5–6 клиентке қызмет көрсетемін. Сондай-ақ, мен бір массаж жасаушыны жұмысқа орналастырдым.

Болашақта дәрігер өзінің массаж кабинетін кеңейтіп, Жаңаарқада SPA-салон ашуды көздеп отыр.