Қарағанды облысында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

Қарағанды облысында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

Қарағанды облысында ауа райына байланысты республикалық автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс жабылды. Жолдардың жабылуына боран және нашар көріну себеп болып отыр.

Облыстық ТЖД мәліметінше, трассаларда 17 бекет қойылған. Өткен тәулікте Осакаров және Нұра аудандарында, Сәтпаев, Жезқазған және Қарағандыда алты авариялық-құтқару операциясы жүргізілді. Қар құрсауында қалып қойған көліктерден 38 адам эвакуацияланды. Үш көлік қауіпсіз жерге сүйретілді.

Осакаров кентінде 15 адам МҮ ғимаратына уақытша орналастырылды. Нұрда жеті адам колледж жатақханасында ауа-райының жақсарғанын күтеді.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, 15 ақпанда қатты жел соғады, екпін секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

ТЖД қала сыртына шықпауға және ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты бақылауға кеңес береді.
Жолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты білуге, апаттық оқиғалар туралы келесі телефон нөмірлеріне хабарлауға болады: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.