Qasym kitap баспасы қарағандылықтарды иллюстрациялар байқауына қатысуға шақырады

Qasym kitap баспасы қарағандылықтарды иллюстрациялар байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды қаласының күніне орай Qasym kitap баспасы суреттердің онлайн-конкурсын жариялады. Қатысушылар Дулат Исабековтың "Сүйекші" шығармасына иллюстрация ұсынуы тиіс.

Кітап мұқабасындағы иллюстрациялар стилімен баспаның https://qasymkitap.kz/ сайтында танысуға болады.

Жұмыстар 10 наурызға дейін қағаз және сандық нұсқада қабылданады. Бір қатысушыдан 10 иллюстрацияға дейін.

Суреттер kopbayeva.koosha@gmail.com поштасына жіберілуі керек немесе Telegram-да @ainur_qasim.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Ал гран-при иегері болашақта жаңа Qasym kitap кітаптарының мұқабаларында өз иллюстрацияларын және арнайы сыйлықтарын басып шығару мүмкіндігіне ие болады.

Конкурсқа қатысушыларға көмек көрсету орталығы сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Телефоны 8-707-597-46-25