Қарағандылық фермерлер субсидиялау бойынша болашақ ережелер туралы айтты

Қарағандылық фермерлер субсидиялау бойынша болашақ ережелер туралы айтты

Субсидиялар жүйесін өзгерту керек пе, фермерлерге қандай мемлекеттік қолдау қажет – бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігінде әңгіме болды.

Кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты. Жиын ашық микрофон форматында өтті. Бас қосуда ірі шаруашылықтардың басшылары да, шағын бизнес өкілдері де сөз сөйледі.

– Субсидиялау, фермерлерімізге, тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша көптеген мәселелер жинақталды. Өз мәселелеріңізді, ұсыныстарыңызды айту үшін арнайы шақырдық, – деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өңірде АӨК мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Облыстық және аудандық деңгейлерде жұмыс топтары, сондай-ақ call-орталық құрылды.

Әкім орынбасарының айтуынша, облыста фермерлермен 16 жұмыс кездесуі өткізіліп, 181 ұсыныс жиналды. Барлық ұсыныстар ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды. Олар озық технологияларды пайдалануды ынталандыруға, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауға, тұқым шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мал шаруашылығын қолдауға қатысты болды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өзекті мәселелерді көтерді. Олар тек субсидияларға ғана емес, сонымен қатар жеңілдетілген несиелердің қол жетімділігіне, баға белгілеуге, минералды тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының қымбаттауына қатысты болды.

"Шахтерское" тұқым өсіру шаруашылығының басшысы Георгий Прокоптың пікірінше, кеңес уақытылы ұйымдастырылды.

– Біз жаңа ережелер, ауыл шаруашылығындағы жаңа тұжырымдама табалдырығында тұрмыз. Олар бойынша алдағы бес жыл жұмыс істеу керек. Біз, әрине, үлкен субсидиялар күтпейміз. Дегенмен, нақты жүйе болуы керек. Менің ойымша, бәрі мені қолдайды: ережелер жиі өзгермеуі керек, олар барлық кәсіпкерлердің талаптарына сай болуы тиіс, ешкім тыс қалмуы керек", – деді ол.

Айдарбек Сапаров тұжырымдаманы дайындау үшін ауыл шаруашылығы министрі бастаған жұмыс тобы құрылғанын еске салды. Оған барлық облыстардың өкілдері кірді.

– Бүгін біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бірінші кезекте не қажет екенін тыңдау үшін келдік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар берілді. Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін субсидиялар жүйесін қайта қарауымыз керек, – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Ол сұрақтардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды деп сендірді.