Қарағандылықтарды оперетта әртістері концертке шақырады

Қарағандылықтарды оперетта әртістері концертке шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін "Қысқы өрнектер" концерттік бағдарламасын дайындады.

11 ақпанда солистердің, балет және хор әртістерінің орындауында әлемге әйгілі оперетталар мен мюзиклдерден туындылар шырқалады.

Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Имре Кальманның "Марица" және "Цирк ханшайымы", Иоганн Штраустың "Сыған бароны", Рауф Гаджиевтің "Кавказ жиені" және тағы басқа оперетталардың жауһарларынан үзінділер орындалатын болады.

Басталуы 18:30.