Жылу желілерін, 50 балалар алыңын, Жастар үйін қалыпқа келтіру: Теміртау әкімі 2022 жылға көзделген жоспарлармен бөлісті

Жылу желілерін, 50 балалар алыңын, Жастар үйін қалыпқа келтіру: Теміртау әкімі 2022 жылға көзделген жоспарлармен бөлісті

Теміртауда жылу және сумен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша үлкен жобалар белгіленді. Мұндай көлемде жұмыстар көптен бері жүргізілген жоқ, дейді қала әкімі Қайрат Бегімов. Бұдан басқа, тұрғын үй, балалар және спорт алаңдары көбірек салынады. Қалада жастар үйі ашылады.

Металлургтер қаласында қандай өзгерістер болатыны жайлы Қайрат Бегімов айтып берді.

– Қыс түскен бетте Теміртауда төзімділік сынағы басталады. Жылу мәселесі өзекті болып қала береді. «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 жетінші қазандығының құрылысы қалай жүріп жатыр? Ескі жылу желілері жөнделеді ме?

– ЖЭО-2-де жетінші қазандықтың құрылысы өткен жылы басталды. Жұмыстар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

«АрселорМиттал Теміртау» мен мердігер ұйым арасында келісімшарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтың өзінде сәуір айында орнату жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Жылу желілеріне келетін болсақ, қала бойынша төрт магистраль бар. Екі құбырдың тозуына байланысты апаттар жиі орын алады. Олар он жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген. Сараптама жасалды – құбырлар мұндай қысым мен температураға төтеп бере алмайды.

Биыл Металлургтер даңғылындағы үшінші жылу магистраліне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ екінші магистралды – Қарағанды шоссесінен зауытты басқару жағына қарай қайта жаңарту үшін ЖСҚ әзірленуде. Жұмыстар аяқталып, сараптама алынғаннан кейін бірден конкурс жариялаймыз.

Өткен жылдан бастап қаланың инженерлік желілері мен сорғы станцияларын жөндеуге ЖСҚ әзірлеу басталды. Бұл жылумен жабдықтау бойынша алты, сумен жабдықтау бойынша екі, жылу сорғы станциялары бойынша екі жоба. Теміртауда мұндай ауқымды жұмыстар болған жоқ.

Қаланың ескі бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша жоба іске асырылуда. Жұмыстар өткен жылы басталды. Ақтау кенті де назардан тыс қалмады – онда су құбырын ауыстыру жоспарлануда.

– Теміртауға газ өткізілді. Көгілдір отынға қанша тұтынушы көшті?

– Өздеріңіз білетіндей, алғашқы іске қосу кешені өткен жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда техникалық шарттарды 55 абонент алды, олардың жартысына жуығы орталық газға қосылды. Жұмысты «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалымен бірлесіп жалғастырамыз.

Екінші іске қосу кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. Үшінші құрылыстың мердігері анықталды, жұмысты көктемде бастау жоспарлануда. Бұдан басқа, тағы екі кешенге конкурстық құжаттама әзірленуде. Оларды салуға биыл кірісу керек.

– Тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде? Кезекте тұрған қанша адамды қамтамасыз ете аласыздар?

– Биыл 36 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Жалпы алғанда, бұл 486 пәтер.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандарға көптен күткен пәтерлерді ұсынамыз. Олардың қатарында: жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер және т. б. Бүгінгі күні қалада тұрғын үй кезегінде 2,5 мың адам тұр.

Бұдан басқа, 120 пәтерлік тағы екі үйге ЖСҚ әзірлеу аяқталуда. Егер қаржыландыру бөлінсе, олардың құрылысы биылғы жылы басталуы мүмкін. Қалада осындай ауқымды тұрғын үй құрылысы көптен бері болған емес.

Сондай-ақ, жеке қаражатқа екі коммерциялық үй салынуда. Және жеке құрылыс үшін база құрылады: 10 және 11-орамдарда жеке үйлерге инженерлік коммуникациялар жүргізуді аяқтаймыз. Сумен жабдықтау желілері дайын, электр желілерін аяқтау қалды. Ниет білдірушілерге ол жерден 500-ге жуық учаске беріледі.

– Жолдарды жөндеу, абаттандыру бойынша қандай жоспарлар бар?

– Өткен жылы 11 балабақша мен мектепке кіреберіс жолдар жөнделді. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Барлық әлеуметтік нысандарға асфальт төселген жолдар салуға тырысамыз.

Қала бойынша 556 аула бар. Оларда ойын алаңдары жаңартылмағанына бірақ уақыт болды. Бірте-бірте бұл мәселе де шешімін табады. 2020 жылы 10 балалар алаңы салынды, өткен жылы – 30 алаң салынды, ал биыл 50 алаң құруды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл көрсеткішті жылына 70–100-ге дейін арттыруға тырысамыз.

Сонымен қатар, төрт заманауи спорт кортын орнатып, аулаларда 10 мәдени-демалыс клубын жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Бірінші Теміртау классикалық лицейіне, №12 және 3 мектептерге, сондай-ақ Ақтау кентіндегі 32-ші мектепке күрделі жөндеу көзделген.

Тұрғындардың өтініші бойынша 70-ші орамдағы гүлзар абаттандырылады.

Югославияның бауырлас қаласының атымен аталған «Зеница» тұрғын үй кешені шамамен 40 жыл бұрын салынған. Орын жайлы, көгалдандырылған, бірақ күтімі жоқ. Біз оны тәртіпке келтіргіміз келеді. Жарық өткіземіз, орындықтар, урналар орнатамыз. Қазір эскиздік жоба әзірленуде.

Тағы бір маңызды жоба – Жастар үйі. Көктемде Чайковский көшесіндегі ғимаратты қайта құруға кірісеміз. Бұрын онда ҚарМУ колледжі болған. Көп жылдар бойы бөлме бос болды. ЖОО басшылығымен келісіп, коммуналдық меншікке қабылданды. Жастар қозғалысын дамыту үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Онда коворкинг-орталықтар, спорт, би, акт залдары, кинозал және т. б. жабдықталады.

Мұның бәрі қалада жайлы өмір сүру үшін қажет. Жоспарланғанның бәрі мерзімінде және сапалы іске асырылуы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.