Елорда тұрғындары Қарағанды өлкетану мұражайының көрмесімен таныса алады

Елорда тұрғындары Қарағанды өлкетану мұражайының көрмесімен таныса алады

Қазақстанның Ұлттық мұражайында 11 ақпан сағат 15:00-де Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлерді тамашалай алады.

Ғалымдар Ұлытаудағы қазба жұмыстары кезінде табылған аңызға айналған Болған ананың бейнесі мен жасағын қалпына келтірді.

«Археологиялық зерттеулер барысында Алтын Орда кезеңіндегі құнды археологиялық артефактілер, оның ішінде жібектен жасалған сыртқы киім элементтері, бағалы металдан жасалған тостаған және т. б. табылды, Қазақстанда алғаш рет антропологиялық материал негізінде Болған ананың гиперреалистік мүсіні жасалды, сондай-ақ сыртқы киім мен ілеспе жерлеу мүкәммалы қалпына келтірілді», – деп хабарлады тарихи-өлкетану мұражайында.

Көрме 1 наурызға дейін жалғасады.