1 наурыздан бастап Қарағанды мамандандырылған мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау басталады

1 наурыздан бастап Қарағанды мамандандырылған мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау басталады

Қарағанды облысында наурыз айынан бастап 2022-2023 оқу жылына дарынды балаларға арналған мектептерге өтініштер қабылдау басталады.

"Өңірде сегіз мамандандырылған мектеп-интернат, үш лицей-интернат және облыстық музыка мектеп-интернаты жұмыс істейді. Мектеп-интернатқа оқушыларды қабылдау ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген ережемен реттеледі", – деді Білім басқармасында.

Сегіз мамандандырылған мектеп-интернатта 5-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар www.qabyldau.daryn.kz сайтында 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қабылданады.

"Білім-инновация" үш лицей-интернатының 7-ші сыныптарына қабылдау 1 ақпаннан 22 сәуірге дейін жүргізіледі. Онлайн-құжаттарды тіркеу және жіберу – www.bilemtihan.kz.

Мамандандырылған музыка мектеп-интернатына түсу үшін құжаттар 1 наурыздан 30 сәуірге дейін http://tiny.cc/muzik21 сілтемесі бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты (8-7212) 41-22-88 телефоны арқылы алуға болады.