Теміртау театрында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынас тарихы баяндалады

Теміртау театрында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынас тарихы баяндалады

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры қарағандылықтарды 26 ақпанда «Wi-Fi» спектакль-драмасына шақырады. Авторлары – Ирина Васковская және Дарья Уткина, қоюшы-режиссер – Вацлав Дембовский.

«Wi-Fi» қойылымы – бұл өздерінің күрделі қарым-қатынастарын түсінуге және қазіргі әлеммен ортақ тіл табысуға тырысатын жасөспірімдер мен ересектер туралы әңгіме.

«Әлемді хаос басқарады» – дейді спектакль кейіпкерлерінің бірі. Мұндай әлемде ұрпақтар арасындағы байланыс үлкен тұңғиыққа айналады. Ересектер өз балаларын түсінбейді, ал балалар ересектер әлемі оларға не үшін керек деп ойланады…

Қойылым сағат 18:30-да басталады.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады немесе кассаның нөмірі бойынша брондай аласыз: +7-708-430-23-93.