
12 ақпан сағат 17:00-де «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Бағдарламада Сергей Прокофьевтің фортепиано мен оркестрге арналған №2 Концерт (g-moll), op. 16, және Сергей Рахманиновтің №3 Симфония (a-moll), op. 44.

Солист – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаева.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Пётр Грибанов.

Сондай-ақ, 13 ақпан сағат 15:00-де «Шалқымда» концерт залында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің «Абыз дала, қобыл дала...» атты музыкалық кеші өтеді. Оған халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Базарбаев, Гүлмира Тапай, Ермек Нұрлытаң, Елжас Кәрімов, Тілеужан Қордабаева, Мерей Жаулетбаева, Индира Тарғынова және Тәттімбет атындағы республикалық байқаудың лауреаты Назерке Әбілхасенова қатысады.
Көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов.
Анықтама телефондары: 41-13-14 және 41-22-30.