
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова және Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәңгілік ел алыптары» атты қалалық шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқауға қатысуға 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар шақырылады.
Номинациялар:
– «Біз жадымызда мәңгі сақтаймыз» – виртуалды альбом жасау (кітаптарды, мақалаларды, фото - және киноқұжаттарды пайдалану);
- «Батырдың портреті» – кез-келген техникада жасалған сурет (сурет, кескіндеме, коллаж, граттаж, эстамп, гравюра және т. б.);
– «Есімі жұлдыздай жарқырайды» – батырдың құрметіне өзі шығарған өлең жолдары.
«Біз жадымызда мәңгі сақтаймыз» номинациясына қатысу үшін кітаптар, мақалалар, фото және киноқұжаттардан тұратын МР4 форматында жазылған виртуалды альбом (бейнеролик) ұсыну қажет. Ең төменгі бейне форматы – 1280x720 HD 16:9 үшін 3 минутқа дейін. Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану – қатысушының қалауы бойынша.
«Батырдың портреті» – кез-келген техникада (сурет, кескіндеме, коллаж, граттаж, эстамп, гравюра және т. б.) жасалған балалардың суреттері А2 немесе А3 форматындағы парақта (қатысушылардың таңдауы бойынша), төлқұжаты мен жақтауымен ұсынылады және бағаланады.
«Есімі жұлдыздай жарқырайды» номинациясына қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде батырдың құрметіне авторлық өлең жіберіледі.
Өтінімдер 17 сәуірге дейін odb_abai@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау 5 мамырда өтеді.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-778-627-23-00, (8-7212) 41-23-26.