
Қала күніне орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Өндіріс өркендеген өлке» көрмесі және «Қарағанды: өткені, бүгіні және болашағы» атты кездесу өтеді. Шараның ашылуы 9 ақпанда сағат 14:00-де.
Кездесуге ғалымдар, мұрағаттар, кітапханалар мамандары, өлкетанушылар, Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері және мұражай қызметкерлері қатысады.
«Олар қаламыздың индустриялық, өнеркәсіптік және ғылыми-мәдени орталық ретінде қалыптасуы мен даму тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды мен облыстың рөлі мен маңызы, қала құрылысы мен сәулет және еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндайды», – деп хабарлады мұражайда.
Анықтама телефоны 56-45-63.