
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы авторлық қуыршақтар жасайтын шеберлерді "Қуыршақтар әлемі" арт-марафонына қатысуға шақырады. Іс-шара 7 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.
Арт-марафонды өткізу шарттары:
- қатысушы өзінің әлеуметтік желі парақшаларында немесе YouTube-те #mirkukol_krg #quirshaq_krg #karlib_kz хэштегтерімен бұйымның (қуыршақтың) фотосуреттерін түрлі қырынан жариялап, байқау жұмысын жасау процесін көрсетуі тиіс (фото/видео);
- бұйымның (қуыршақтың) және пайдаланылған материалдардың қысқаша сипаттамасын жасау;
- Т. А. Ә., жасын көрсету.
Арт-марафонды қорытындылау 16 наурызда өтеді.
Нәтижелер кітапхананың сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.