
Диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар тегін немесе жеңілдікті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды ала алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну немесе egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.
Порталда ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторлануға болады.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну" қызметін таңдай отырып, дәрігердің рецептісінің берілген және аяқталған күндерін толтырасыз. Қызмет көрсету мерзімі - 5 минуттан аспайды.
Тегін немесе жеңілдікті рецепт бойынша дәрілік заттарды сатып алу кезінде науқас баланың жеке куәлігін немесе туу туралы куәлігін көрсету қажет.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ