Қарағандылық спортшы Тунисте өткен үстел теннисі турнирінде екі медаль жеңіп алды

Қарағандылық спортшы Тунисте өткен үстел теннисі турнирінде екі медаль жеңіп алды

Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев 2022 жылы WTT жасөспірімдер сериясындағы бірінші турнирдің екі медалін жеңіп алды. Жарыс Радесте (Тунис) өтті.

Olympic.kz хабарлағандай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгі категорияда мықты ойын көрсетті.

Жеке турнирде ол Павел Кокавецті (Словакия), Чад Хайриді (Тунис), Хая Лама (Норвегия), Тиаго Абиодунды (Португалия), Яндриша Моравикті (Чехия) жеңді. Алайда ол словак Самуэль Арпастан жеңіліп, күміс медаль жеңіп алды.

Жұптық сында Айди Юссефпен (Тунис) бірге Құрманғалиев қола жүлдені жеңіп алды.

olympic.kz