Қарағандылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады. Ол 18 ақпанда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында өтеді (Магнитогорская көшесі, 19).

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар, мүмкіндіктері шектеулі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған, алимент бойынша берешегі бар адамдар қатыса алады.

Байланыс телефондары: 996-397, 996-393 және 8-775-644-35-80 (Whatsapp).