Қарағандыдан Междуреченск қаласына автобус қозғалысы қайта жанданды

Қарағандыдан Междуреченск қаласына автобус қозғалысы қайта жанданды

Қарағанды автовокзалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды – Междуреченск бағыты бойынша рейс ұйымдастырылды. Автобус Ленинск-Кузнецкий, Белово, Новокузнецк арқылы өтеді (Новосибирск арқылы транзитпен).

Рейс әр сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Жолға шығу уақыты – 15:00.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді онлайн брондау және сатып алу автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын қолжетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картамен жүргізіледі.

karaganda.avokzal.kz