
Қарқаралы ауданында кітапханалар жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Аудандық орталық кітапханада 35 мыңнан астам кітап және 400 дана мерзімді басылымдар бар. Жақында қорға тағы 423 басылым келді.

– Цифрландырудың, теледидардың дамуына және оқырмандарда заманауи гаджеттердің болуына қарамастан, біз оларды кітап әлеміне тартуға тырысамыз. Шынында да, нақты, қағаз кітабын оқу процесін электронды гаджеттерден оқумен салыстыруға болмайды. Оқуды насихаттау үшін әртүрлі конкурстар, тақырыптық кездесулер, презентациялар өткіземіз. Бізге «Кітап оқитын мектеп» бағдарламасы бойынша сабақтарда және сыныптан тыс шараларда шығармаларды талдайтын мұғалімдер көмектеседі, – деді Қарқаралы ауданының орталық кітапхана жүйесінің директоры Бағдат Бейсенова.

Көктас ауылы орта мектебінің мұғалімі Айша Хуатайқызы да өскелең ұрпаққа кітап оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға тырысады. Ол өз оқушыларын жүйелі түрде ауылдық кітапханаға апарады, онда оларға жаңа басылымдар туралы айтып, оқу үшін кітап таңдауға көмектеседі. Кейін оқылған шығармаларды оқушылар сынып сағаттарында талқылайды.

– Ауылдық кітапханаға да жаңа кітаптар келеді. Мысалы, жақында ол қазақ және орыс тілдерінде балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің 170-тен астам данасын, оның ішінде жас сиқыршы Гарри Поттердің шытырман оқиғалы жинағын, «Чародеи» кітабын алды. Балалар оларды кітапханадан қуана алып, оқиды, – деп атап өтті педагог.