
"ТД QAZ DELIKATES" ЖШС қарағандылық компания "Даму" қорының қолдауымен қазақ ұлттық тағамдарының ет деликатестерін және ұннан жасалған жартылай фабрикаттарды шығарады.

Ет деликатестерінің өз өндірісін құру идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Компанияның негізін қалаушылары қазы, шұжық, қуырдақ және бешбармақ сияқты ет тағамдарымен танымал қазақтың дәстүрлі тағамдарынан шабыттанды.
— Біз қазы, шұжық, бешбармаққа арналған жиынтық сияқты ет өңдейтін шағын өндірістен бастадық. Өндіріс үшін ғасырлар бойы – көшпенділерден бастап бүгінгі күнге дейін қалыптасқан ұлттық дәмді тағамдардың ең жақсы рецептерін таңдадық. Біз 2019 жылы жұмыс істей бастағанымызда, төрт қызметкер ғана болды. Бірте-бірте кеңейе бастадық. Қазір біздің командада 30-дан астам адам жұмыс істейді. Бұл ретте бізде орташа жалақы 150 мың теңгеден басталады, — деді "ТД QAZ DELIKATES" ЖШС коммерциялық директоры Климентий Мун.

Компания бешбармақ, қазы, шұжық, құйрық май, жая жиынтықтарын ғана емес, сонымен қатар басқа да әр түрлі жартылай фабрикаттарды шығаруды жолға қойды. Айта кетерлік, өндіруші союға арналған малды өз фермасында өсіреді. Бұл өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді. Сонымен қатар, компанияның барлық өнімдерінде HALAL сертификаттары бар.
— Біз үнемі компанияның негізгі ережесін сақтай отырып, ассортиментті кеңейту үшін жұмыс істейміз. Тек табиғи өнімдерді пайдаланамыз. Өндірісті кеңейту үшін "Даму" қорының қолдауымен "First Heartland Jysan Bank" АҚ арқылы қаржыландыру алдық. "Бизнестің жол картасы — 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлеме жылдық 6%-ға дейін төмендетілді. Жетіспейтін кепіл сомасына Қор өз кепілдігін берді. Осының арқасында біз ұннан жасалған жартылай фабрикаттар шығаратын цехты іске қостық, — деп толықтырды Климентий Мун.
Компания жылына 193 тоннаға дейін ұннан жасалған жартылай фабрикаттар шығара алады, олардың ассортиментіне өнімнің 23 атауы кіреді. Сонымен қоса 40 тоннаға дейін ет деликатестерін өндіреді. Бүгінгі таңда кәсіпорын өз өнімдерін супермаркеттерге, қарттар үйлеріне және облыстың басқа ұйымдарына жеткізеді. Сондай-ақ, компанияның үш сатылым бөлімі бар.

— Біз еліміздің басқа өңірлерінде де өндіріс ашқымыз келеді. Олардың әрқайсысында кем дегенде 50 жұмыс орнын құруға дайынбыз. Бірақ бұл үшін бізге Қазақстанның Даму Банкінен қосымша қолдау қажет, - деп толықтырды Климентий Мун. – Сондай-ақ біз өз өнімдерімізді таяу және алыс шетел нарықтарына жеткізуге дайынбыз. Оның үстіне сұраныс бар. Қарағандылықтар біздің өнімді шетелге шыққан кезде қонақсый ретінде жиі сатып алады. Бізде барлық құжаттар мен сертификаттар бар.