
Танымал 138 мемлекеттік қызметке қолжетімділік жеңілдетілді. Енді оларды бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады.
ЭЦҚ-сыз, мысалы, жылжымайтын мүліктің техпаспортын немесе оның түпнұсқасын алуға өтінім беруге болады. Сондай-ақ уақытша тіркелу, Т.А.Ә. ауыстыру, жұмыссыз ретінде тіркелу, жер телімдеріне акт алу, мүгедектік, әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу және тағы басқалар.
Бір реттік пароль арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Толық тізіммен egov.kz порталынан танысуға болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 637 мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді, Ол үшін көп жағдайда ЭЦҚ болуы қажет.