Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында балаларға арналған тегін шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында балаларға арналған тегін шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында «Арқа әуені» дәстүрлі ән үйірмесі ашылды. Онда 10 жастан 17 жасқа дейінгі балалар тегін оқи алады.

Үйірме жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қайрат Әбеуов.

Анықтама телефондары: 8-777-574-97-83, 8-707-409-89-90.

Сондай-ақ, мәдениет үйінің жанындағы «Дарын» театр клубы 7-14 жас аралығындағы балаларды тегін сабаққа шақырады.

Театр студиясы көркем-мәнерлі оқу дағдыларын дамытуға көмектеседі; баланың актерлік қабілетін ашады; үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік береді; конкурстар мен фестивальдарға дайындайды.

Клуб жетекшісі – Айнұр Балтабаева.

Анықтама телефоны: 8-708-320-84-17.