
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Мәжіліс төрағасы лауазымына бірауыздан Ерлан Қошановты сайлады.
Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс төрағасы қызметіне Мәжіліс депутаты Ерлан Әміров ұсынды. Ерлан Қошанов қағаз бюллетеньдерді пайдалану арқылы жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс төрағасы болып сайланды. Бұл процедура үшін есеп комиссиясы құрылды, кабиналар жабдықталды және ашық сайлау жәшігі орнатылды.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысы алдындағы зор құрмет пен зор жауапкершілік екенін атап өтті.
Фото Ж. Жұмабеков