Қарағандылық құтқарушы гір спортынан республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады

Қарағандылық құтқарушы гір спортынан республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады

ТЖД қызметкерлері гір спорты бойынша кәсіпқойлар арасында Қарағанды облысы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Аталмыш чемпионатта Ақтөбеде өтетін республикалық жарыстарға үздік спортшылар іріктелді.

Гір жарысына Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері – № 14 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Дмитрий Пацук, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Виталий Ромащенко және № 11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Александр Комаров қатысты.

«Дмитрий Пацук пен Виталий Ромащенко өз салмақ дәрежесінде (95 кг және +95 кг) үшінші орын алды, ал Александр Комаров жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Ақпан айында Александр Қазақстан Республикасының чемпионатында біздің облыстың намысын қорғайтын болады», – деп хабарлады ТЖД.

@qaragandy_tjd