
Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде жетінші сыныптарға «Өркен» білім беру грантын тағайындауға байқауға құжат қабылдау жүріп жатыр. Ол 21 ақпанға дейін жалғасады. Зияткерлік мектеп базасында кешенді тестілеу 14–15 сәуірге жоспарланған.

Бірінші күні үміткерлер жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді – математика, сандық сипаттамалар және жаратылыстану пәндерін зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест тапсырады.
Содан кейін тілдік тест өткізіледі. Ол оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жазбаша мәтіндерді түсіну және талдау қабілеті ескерілетін болады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы онлайн брондау қызметі жұмыс істейді, онда құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күн мен уақытты алдын-ала брондау қажет. Құжаттар тізімін, броньдау сервисін, тапсырмалар үлгілерін және конкурстық іріктеу бойынша басқа да толық ақпаратты krg.nis.edu.kz сайтынан, «үміткерлерге» бөлімінде алуға болады.
Қабылдау комиссиясы дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс – 12:00-ден 13:00-ге дейін), сенбі күндері 09:00-ден 13: 00-ге дейін жұмыс істейді.
Мектептің мекен-жайы: Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62.
Телефоны: (8-7212) 50-78-55.