Қарағандыда екі халықаралық теннис турнирі өтеді

Қарағандыда екі халықаралық теннис турнирі өтеді

Қарағанды қаласында ITF Juniors G4 сериясындағы 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында екі халықаралық жасөспірімдер теннис турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыс 31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында және 2022 жылғы 7–12 ақпан аралығында Ұлттық теннис орталығының корттарында жеке және жұптық разрядтарда ракетка шеберлері бақ сынасады. Негізгі торда қазақстандықтар: Ислам Орынбасар, Ерасыл Ерділда, Кирилл Колганов, Илья Ведмедь, Данир Қалдыбеков, Ілияс Маратұлы, Олег Гусаков, Александр Черномаз, Арсланбек Айтқұлов, Әмір Омарханов, Виталий Зацепин, Жанель Рүстемова, Арыстанбекованың әпкелері, Айя Нупбай, Дариға Рүстемова, Іңкәр Дүйсебай және тағы басқалары ойнайтыны белгілі.

olympic.kz