Қарағандылық еркін күресуші Эльмира Сыздықова «Иван Ярыгин – 2022» күресінен Гран-при алтын медалін жеңіп алды

Қарағандылық еркін күресуші Эльмира Сыздықова «Иван Ярыгин – 2022» күресінен Гран-при алтын медалін жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Эльмира Сыздықова «Иван Ярыгин» ірі халықаралық Гран-При турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Финалда Сыздықова Беларусьтен келген Ксения Дзибуктан мықты болды – 15:4.

Жартылай финалда ол ресейлік Мария Силинамен жекпе-жекке шығып (туше) сенімді жеңіске жетті.

Турнирді Ресейдің Красноярск қаласы қабылдады.

olympic.kz