
Қарағанды облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ashyq жобасына қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулыға сәйкес, Ashyq қатысушылары үшін жұмыс күндері және демалыс күндері жұмыс режиміне шектеулер алынып тасталды. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін барлық шектеулер алып тасталды.
Қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі бар келесі Ashyq қатысушыларына шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі:
- салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу);
- конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар;
- көрмелер;
- марафондар (ашық ауада);
- көрермендермен спорттық іс-шаралар.
Сондай-ақ ірі сауда орталықтары мен сауда үйлерінің (ауданы 1 000 шаршы метрден астам), ауданы 6 000 шаршы метрден астам азық-түлік сауда желілерінің, ойын және түнгі клубтардың, караоке, бассейндердің, спорт кешендерінің, фитнес-орталықтардың және спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету жөніндегі басқа да объектілердің жұмысына шектеулер алып тасталды.
Ashyq-ты қолдана отырып, діни нысандар ғибадат ету үшін «жасыл» мәртебесі бар жамағатты шектеусіз жинай алады.
Бейтарап «көк» мәртебемен келесі нысандардың шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат етіледі:
- қонақ үйлер, әуежайлар;
- темір жол, автомобиль және су вокзалдары, автостанциялар, автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- ХҚКО, банктер, Қазпошта АҚ бөлімшелері;
- жабық базарлар;
- мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары;
- ауданы 1 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес сауда желілері;
- сұлулық орталықтары мен салондары, СПА-орталықтар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін салондар, косметикалық және косметологиялық қызметтер (жазба бойынша);
- монша, сауна;
- облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар.
«Қызыл» аймақта «көк» мәртебесі бар келесі нысандарға толымдылығын 60%-ға дейін жеткізе отырып, қызмет етуге жол беріледі:
- балаларды сауықтыру ұйымдары;
- мейрамхана, кафе, кофеханалар, банкет залдары үлгісіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда);
- боулингов, бильярд;
- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармония, цирктер;
- компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation;
- бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес алаңды қамтамасыз ету кезінде лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер ;
- бір адамға кемінде 10 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету кезінде жабық балалар ойын-сауық орталықтары.
Дегенмен, облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Тұрғындарды профилактикалық шараларды сақтауға және қауіпсіздігі үшін вакцинациялауға шақырады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.