
Теміртауда Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіттің бастамасымен «Sauap» орталығының еріктілерімен бірлесіп «тегін такси» акциясы ұйымдастырылды. Жүргізушілер 80 тұрғынға үйлеріне жайлы жетуге көмектесті.

– Біз мұндай акцияларды жыл сайын өткіземіз. Аязды күндері біз әрқашан тұрғындарды үйге немесе өздері таңдаған жерлерге тегін жеткіземіз. Негізінен Қарағанды – Теміртау, Теміртау – Қарағанды бағыты бойынша. 2020 жылы біздің мешітте «Sauap» еріктілер орталығы құрылды. Бұл акцияға осы орталықтың еріктілері, біздің мешіттің жамағаты қатысты. Бізде барлығы 20-ға жуық машина бар, оның 10-ы әрдайым дайын, – деді Әлихан Бөкейхан атындағы мешіттің бас имамы Естай Айтуғанұлы.
