Қазақстан этностарының ертегілері енді YouTube-те қолжетімді

Қазақстан этностарының ертегілері енді YouTube-те қолжетімді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен алғаш рет Қазақстан этностарының халық ертегілерінің "Қазақстан халқы ертегілері" жинағы жарық көрді. Жобаны дамыту аясында "Қоғамдық келісім" РММ күшімен қоғамдық белсенділердің қолдауымен YouTube сайтында "Ертегілер әлемі" аудиоподкасты іске қосылды.

Ертегілердің аудио нұсқалары тек YouTube-те ғана емес, сонымен қатар iOS және Android негізінде жұмыс істейтін танымал аудио платформаларда да орналастырылған.

Қазіргі уақытта төрт аудиожазба жарияланды.

Қазақ халық ертегісі:

https://youtu.be/3XDParczu6g.

Қырғыз халық ертегісі:

https://youtu.be/Q3B3eMwA2i8.

Түрік халық ертегісі:

https://youtu.be/iO1M7AZxyB4.

Неміс халық ертегісі:

https://youtu.be/u65pUdp3UXQ.

Естеріңізге сала кетейік, жинақ 2021 жылдың соңында екі томдық болып мемлекеттік тілде жарық көрген болатын. Ол 4-7 және 8-11 жастағы балаларға арналған. Кітапқа еліміздің 25 ірі этносының 114 халық ертегілері енген, олардың ішінде орыс, өзбек, корей, неміс, шешен-ингуш және басқа да этностардың ертегілері бар.

аssemblykaz