
2022 жылы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру шамамен 120 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражатты медициналық сақтандыру қорынан бөлінеді деп жоспарлап отыр.
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге 71,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл пакетке келесі қызметтер кіреді:
- санавиациямен жедел медициналық көмек;
- онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек;
- паллиативті көмек;
- туберкулез, жұқпалы аурулар, АИТВ-инфекциясы кезінде, психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар адамдарға медициналық көмек көрсету.
Сондай-ақ бұл ақша емханалардағы алғашқы медициналық-санитариялық көмекке, амбулаториялық гемодиализ және перитонеалды диализ қызметтеріне, сақтандырылмаған тұрғындарға шұғыл стационарлық көмекке және динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмекке арналған.
Сақтандырылған азаматтар үшін қызметтерді қаржыландыру 48,3 млрд теңгені құрайды.
Талаптарға сәйкес келетін медициналық ұйымдармен шарттар жасалды.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша