Қарағанды хайуанаттар бағы қала күніне орай байқау өткізеді

Қарағанды хайуанаттар бағы қала күніне орай байқау өткізеді

Қарағанды хайуанаттар бағы «Менің сүйікті қалам!» атты үздік фото байқауын жариялады. Қатысуға 7 жастан 14 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер шақырылады.

Байқауда бақ сынау үшін @krgzoo парақшасына жазылуыңыз керек, хайуанаттар бағында жануарлармен суретке түсіріп, оны Instagram-да орналастырып, @krgzoo-ды белгілеңіз. Содан кейін @krgzoo-дың директіне «қатысамын» деп жазыңыз.

Қала күніне арналған байқау 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді. Жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді.