
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Қауырсын қалам» шығармашылық клубы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол өз қатарына поэзия әуесқойларын шақырады.
27 қаңтарда сағат 15:00-де «Поэзия әлемі» жиынында клубтың жұмысымен жақынырақ танысуға және өз туындыларыңызды таныстыруға болады.
«Оған 7-9 сынып оқушылары қатыса алады. Бағдарламада жаңа таныстар, ұлы ақындар мен олардың кітаптары туралы әңгімелер қозғап, өлең оқуға болады. Қатысушылар өз шығармаларын оқи алады. 8-777-89-32-779 (WhatsApp) нөмірі бойынша жазылу керек», – деп хабарлады кітапханада.