Балқашта тегін мұз айдындары ұйымдастырылды

Балқашта тегін мұз айдындары ұйымдастырылды

Балқашта мектеп корттарында мұз айдындары құйыла бастады. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық келушілер үшін тегін.

Қала бойынша 13 көпфункционалды корт жұмыс істейді, олардың бірінде тартан жабындысы бар. Бұрын жылы ауа-райы мұз айдындарын ұйымдастыруға кедергі болатын. Қаңтарда бірнеше күн ауа температурасы нөлден жоғары болды, жаңбыр жауды.

№1 мектеп жанынан мұз айдыны ашылды. Қалған 11 мектеп кортында мұз құю жүріп жатыр.

Мұз айдыны «Металлург» стадионында да пайда болды. Мұнда 7 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар тегін жіберіледі. Студенттер мен оқушылар үшін 50% жеңілдік. Жеңілдік берілмегендер өз конькилерімен күні бойы 500 теңгеге билет алады.