
2022 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесі Қарағанды облысының білім басқармасының және оқу-әдістемелік орталығының күшімен дайындалды.
Күнтізбе тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар қосымша білім беру мұғалімдеріне, колледж оқытушыларына, балабақша тәрбиешілері мен кітапханашыларға жұмыс істеуге көмектесетін ақпараттық-әдістемелік материал түрінде ұсынылған. Ол үш бөлімнен тұрады: Қазақстан Республикасындағы мерекелер, 2022 жылдың атаулы және естелік күндері, тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдар.
– Облыстық білім басқармасының тапсырмасы бойынша оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері 2022 жылға арналған атаулы және естелік күндердің күнтізбесін жасады. Біз оны білім беру ұйымдарында, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығында балалармен әңгімелесу, мектеп іс-шараларына қатысу, отбасылық оқуды ұйымдастыру үшін пайдалануды ұсынамыз, деп атап өтті Оқу-әдістемелік орталық директоры Бақыткүл Әбдікерова.
Күнтізбеге оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың жасын, сұраныстары мен мүдделерін ескере отырып, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуі мүмкін.