Конрад Аденауэр атындағы Қордың Sur-Place стипендиясына студенттер арасында конкурс жарияланды

Конрад Аденауэр атындағы Қордың Sur-Place стипендиясына студенттер арасында конкурс жарияланды

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі студенттерге арналған Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын ҚР азаматтары – бакалавриат немесе магистратура студенттері стипендиат бола алады.

Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең ой-өрісі және мақсатқа ұмтылушылығы бар студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес.

Құжаттарды тапсыру сәтінде қатысушы 30 жастан аспауы тиіс.

Қордың болашақ стипендиаттары екі кезеңдік конкурстық іріктеуден өтеді: құжаттар топтамасын тапсыру және әңгімелесу.

Мерзім шектелмеген, бірақ егер сіз соңғы курс студенті болсаңыз, құжаттарды қарау мерзімдерін ескеруіңіз қажет.

Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады: sps-kaz@kas.de, телефон (8-7172) 92-56-30 немесе сайтта:  kas.de